Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер еліміздің сегіз облысында тұрақсыз ауа райы сақталатынын айтты

Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Демалыс күндерін елімізде ауа райы қандай болады

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысында түнде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан желдің жылдамдығы екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанай облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді, шаңды дауыл болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.


Мөлдір Төлебай
Сейсенбі, 19 Қазан, 2021 18:54
Талқылау