Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Лондондағы елшілігі Ұлыбританияға 2,5 миллиард теңге қарыз екені анықталды

Қазақстанның Лондондағы елшілігі Ұлыбританияға 4 жарым миллион фунт стерлинг, яғни 2 жарым миллиард теңге қарыз болып шықты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Myseldon.com

Transport for London мемлекеттік компаниясы 20 жыл бойы ақылы жолмен жүріп, ақша төлемей келген дипломаттардың тізімін жариялаған. Борышкер атанған елшіліктердің арасында берешегі бойынша Қазақстан 9-орында тұр. 

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров қарыздың үлкен болуы Қазақстан елшілігінің Лондон орталығында орналасуымен байланысты екенін мәлімдеді.

Айтуынша, ол ауданда көлікпен кіріп-шыққан әр қызметкерге салық салынып отырған. Бұл тәртіп 2003 жылы енгізілген екен. Алайда 1961 жылғы дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясына сәйкес, елшілер мұндай жергілікті салық түрінен босатылған дейді.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстаннан бөлек, тізімге енген өзге елдер де бұл алымды заңсыз санайтынын атап өтті.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі 1996 жылы ашылған.

Талқылау