Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қауіпсіздігі түркі мемлекеттері үшін ерекше маңызға ие - Ердоған

Қазақстан мен Түркия президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Реджеп Тайып Ердоған келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ақорда жазады.

Ердоган Токаев 2022

"Қазақстан мен Түркия президенттері келіссөз жүргізді", - делінген сәрсенбі күні тараған ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға ілтипат білдіріп, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді.

"Сіздің бүгінгі  мемлекеттік сапарыңыз екі елдің ынтымақтастығына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Біз Түркиямен тең дәрежедегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мен береміз. Бұл менің ерекше назарымда. Кездесуіміздің күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, уағдаластыққа қол жеткіземіз деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.

Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа мамыр айында Түркияға мемлекеттік сапары мен Нью-Йорктегі екіжақты кездесуден кейін қайтадан жүздесіп отырғанына қуанышты екенін атап өткен.



"Бүгін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысын өткіземіз. Сондай-ақ ертең Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысамыз. Сіздің көшбасшылығыңызбен жүргізілген реформалар қазақ халқының тыныштығын сақтап, әл-ауқатын жақсартатынына сенімім мол. 20 қараша күні болатын Президент сайлауы әділ әрі жаңа Қазақстан үшін қайырлы болуын және сізге сол сайлауда сәттілік тілеймін", – деді Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті жаһандық және аймақтық тұрақсыздық белең алған шақта түркі мемлекеттерінің ынтымағын одан әрі нығайту қажет екенін, сондықтан стратегиялық серіктес әрі бауырлас ел Қазақстанның қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, территориялық тұтастығына  және экономикалық әл-ауқатының жақсаруына айрықша мән беретінін атап өтті.

"Түркияға мемлекеттік сапарыңыз барысында қол қойылған 14 ынтымақтастық туралы құжат пен ортақ декларация қарым-қатынасымызға тың серпін берді. Бүгін осы келісімдерге қосымша жаңа құжаттар қосылады. Атажұртыма келген маған және менің делегацияма қонақжайлық көрсеткеніңіз үшін тағы да алғыс айтамын", - деді Түркия басшысы.

Айта кетейік, Түркия президенті бүгін, 12 қазанда Қазақстанға келді

Талқылау