Астанаға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған іс-сапармен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркия президенті елімізге жұбайымен бірге келген.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды", – делінген хабарламада.
Кейін "Ақорда" резиденциясында Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
12 қазанда Астанада екі ел президенті екіжақты кездесу өткізеді. Кездесу аясында аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық әлеует талқыланады.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады