Ердоған Украинаның Ресей басып алған аумақтарын қайтару мүмкіндігі жоғары екенін айтты
Бейбіт келісім жасалып, жанжал реттелетін болса Украина 2014 жылдан бері Ресей басып алған аумақтарын қайтарып ала алады. Бұлай деп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған PBS арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ердоған Ресейдің Украинаның бұрынғы аумақтарын бақылауында ұстауына жол бермеу керектігін және Киев осыған барса жанжалдың шешілмейтінін атап өткен.
"Егер біз Украинада бейбітшілік орнатқымыз келсе, онда, әрине, аумақтардың елге қайтарылуы шын мәнінде маңызды сәт болар еді", - деген Ердоған.
- Путин Украинадағы қақтығысты тезірек тоқтатқысы келетінін мәлімдеді
- Түркия президенті Украина қауіпсіздігінің кепілі болуға дайын екенін айтты
Ол сондай-ақ Украинаға аумақтарды қайтару мәселесі Киев пен Мәскеу арасындағы ықтимал бейбіт келіссөздер аясында күтілетінін айтқан.
Бұған дейін Ердоған Ресей президенті Владимир Путиннің Украина төңірегіндегі жағдайды тез арада шешуді жақтайтынын жеткізген еді. Түрік басшысы тұтқындар мен ауылшаруашылық өнімдерін айырбастау туралы келісімді оңды сәт деп атаған.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Қазақстанда келесі жылы ҰБТ бір рет өткізіледі: Білім сапасы арта ма, қысым күшейе ме?
Әлихан: "Кейбір оқушылар қатты уайымдап, күйзеліске түседі"