Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның ірі кен орындарында мұнай өндіру күрт төмендеді

Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов Қазақстанның ірі кен орындарында мұнай өндіру күрт төмендегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: promokod-na-skidku.ru

Министрлік өкілінің айтуынша, кен орындарында мұнай өндіру 56%-ға қысқарған. 

"Қазір еліміздегі ірі кен орындарында өндіріс 56 пайызға төмендеп отыр. Атап айтқанда, Тенгизде тәуліктік мұнай өндіру екі есеге дерлік азайып, 39 мың тоннаны құрады. Бұл ауа райы жағдайлары мен Каспий Құбыр Консорциумында мұнайды қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты. Энергетика министрлігінде жағдайдың қанша уақытта қалыпқа келетіні туралы нақты деректер жоқ. Жақын арада өндірісті қысқарту және түзету қазіргі деңгейде сақталады", - деді Ілиясов.

Бұған дейін, ауа райының қолайсыздығына байланысты Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай құю тоқтатылғаны хабарланған еді.

Талқылау