AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның футбол құрамасы Ұлттар лигасының жаңа ойынын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы футболдан UEFA Ұлттар лигасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, ұлттық құрама С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Әзербайжан, Беларусь пен Словакия.

Бүгін қазақстандық футболшылар өз алаңында Әзербайжан құрамасын қабылдады.

Кездесу барысында алғашқы кезеңде әзербайжандық ойыншылардың белсенділігі байқалды. Олардың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Алайда қарсыластар көздеген нысанадан мүлт кетіп жатты.

Екінші кезеңде Абат Айымбетов 50, 57-минуттарда мергендік танытты.

Осылайша қазақстандық футболшылар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, бүгін аталған топта Беларусь және Словакия құрамалары ойнайды.

Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 маусымда сырт алаңда Словакияға қарсы өткізеді. Бұл күні Әзербайжан мен Беларусь құрамалары шеберлік байқасады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр