Қазақстанның ең үздік теннисшісі Ливандағы турнирде күміс медаль еншіледі
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының ең үздік спортшысы Кирилл Герасименко Бейрутте (Ливан) өткен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирінде күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кирилл Герасименко Ливанда өткен WTT Feeder Beirut турнирінің ақтық сынына дейін жетіп, алтынға бір қадам қалғанда сүрінді. Алғашқы айналымдарда Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері Гьонис Панайотисті, командалық сындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Сатиян Гнанасекарянды айқын басымдықпен ұтты. Бірақ финалда жұптық сындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының он дүркін жүлдегері, тайпейлік Чуан Чи-Юаньмен кездесіп, тартысты ойында тәжірибелі тайпейлік спортшыға 1:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетелік, бұдан бөлек Қазақстан қоржынында тағы екі қола медаль бар. Айдос Кенжеғұлов пен Алан Құрманғалиев және Зәуреш Ақашева пен Сарвиноз Мірқадырова жұбы үздік үштіктен көрінді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

