Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BI Group украиналық құрылыс компаниясы Watzenrode-ды сатып алды

Фото: BI Group

Қазақстанның ірі құрылыс холдингі BI Group Украина нарығына кіріп, Киев пен оның айналасында тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Компания Watzenrode құрылыс компаниясын сатып алып, үш-төрт жыл ішінде ондаған миллион доллар инвестицияламақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.ua порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның ең ірі құрылыс холдингі Киев пен оның маңында тұрғын үй құрылыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

"Біз 2018 жылдан бері украин нарығына қызығушылық танытып келеміз", – деп басылым BI Group компаниясының Украинадағы акционері әрі директоры Аян Зикириннің сөзін еске салып.

Мақалада атап өтілгендей, 2023 жылы топ украин құрылысшысы DIM компаниясымен ынтымақтастықта болған. Зикириннің айтуынша, BI Group өз мүмкіндіктерін пайдалана алатын, ережелері мен тілдік ерекшеліктері салыстырмалы түрде түсінікті нарықтарға шығуды жөн көреді. 

"Бұл тұрғыда Украина бізге қызықты", – деді Аян Зикирин.

Басылым мәліметінше, BI Group Watzenrode компаниясынан басқа оннан астам компанияны қарастырған. Бірақ соңында Watzenrode-ды сатып алу туралы шешім қабылдаған. Бенефициардың ауысуы 2025 жылдың тамызында жүзеге асты, мәміленің сомасы жарияланбаған.

"Watzenrode бұған дейін Франция азаматы Эрле Иньяс Ежиге тиесілі еді. Қазір бенефициар – Мұхит Нұрбаев, үлесі 85%", – деп жазады мақала авторы YouControl сервісіне сілтеме жасап. 

Закирин Нұрбаевты "компанияның қызметкері" ретінде таныстырған. Watzenrode компаниясының Украинадағы жобалары – өндірістік ғимараттарды салу және әртүрлі қалаларда су құбырларын қалпына келтіруді қамтиды. Мақалада BI Group Украинада тұрғын үй құрылысының негізгі мердігері ретінде жұмыс істеп, қалпына келтіру жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны, сондай-ақ компанияны жаңартылатын энергетика, яғни жел және күн энергиясы қызықтыратыны айтылған.

Зикириннің хабарлауынша, компания үш-төрт жыл ішінде Украинаға ондаған миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар топ Киев пен оның облысында жер учаскелерін іздеп, серіктестерді тартуды көздеп отыр.  "Украина – Қазақстан" деп аталатын парламентаралық топтың жетекшісі, халық депутаты Сергей Нагорняк холдинг Украинада жобаларды жүзеге асырғанын еске салды. Атап айтқанда, Николаевте холдинг қаржылық қолдауымен Қала шұғыл медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөлімі жөнделген. Сонымен қатар компания Украинаның балалар ауруханаларына генераторлар сатып алған. Нагорняктың айтуынша, 2023-2025 жылдар аралығында "компанияның негізгі акционері көптеген гуманитарлық бастамаларды қолдаған".



Еске салайық, бұған дейін Айдын Рақымбаевтың құрылыс компаниясы Bank RBK-дан 10 миллиард теңге қарыз алатынын жазған едік. 2024 жылы BI Development 32,3 мың пәтер сатқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға көп. Компанияның таза табысы 78 миллиард теңге болған.

Айым Атамбаева
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 17:50