Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі вакцинаға қатысты келіссөз жүргізу үшін Ресейге ұшып кетті

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәскеуге ұшып кетті, ол өз әріптестерімен коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу туралы мәселені талқыламақшы. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған Қазақстан делегациясы. Менің білуімше, көптеген мәселелер талқыланатын болады. Денсаулық сақтау саласына келер болсақ, министр Ресейдің денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестерімен бірге қатысады. Бұл вакцина барлық қажетті халықаралық сертификаттарды алған кезде ресейлік COVID-19 вакцинасын сатып алу мүмкіндігін қарастыратын боламыз", - деді Қожахметов.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігі мен үкімет көпвекторлы ұстанымға ие, олар кез келген мемлекеттермен алдын-ала келісімдер мен меморандумдар жасайтын болады. Сондықтан, елімізге вакцина жақын уақытта келуі мүмікін. 

"Бірінші міндет - бұл вакцинаны қазақстандықтарға мүмкіндігінше тез жеткізу. Бұл кімнің, қытайлық, ресейлік, американдық немесе мүмкін өз өндірісі маңызды емес", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейден коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуды талқылау үшін Мәскеуге үкіметтік делегация жіберетінін мәлімдеген болатын.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2020 16:37
Талқылау