Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
6 қазанда Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
6 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан, таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
6 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 6 қазанда түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Шымкент қаласында 6 қазанда солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады, екпіні -15-20 м/с. Түркістан қаласында солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
