Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйек күні таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с деңгейінде күтіледі.
23 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ақтөбеде 23 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Семейде 23 қыркүйекте күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жел күтіледі.
23 қыркүйекте күндіз және 24 қыркүйекте түнде Павлодар облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. 23 қыркүйекте күндіз , 24 қыркүйекте тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 23 қыркүйекте күндіз , 24 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, 24 қыркүйекте күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Оралда 23 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.
23 қыркүйек күні таңертең және күндіз Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
23 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай қаласында 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. 23 қыркүйекке қараған түні облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Қарағандыда 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Жезқазғанда 23 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавлда 23 қыркүйекте күндіз найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
