Қазақстанның бір өңірінде жылу тарифін заңсыз арттырғандардан 3,3 миллиард теңге үнемделіп қалды
Фото: sherkaly-adm.ru
Абай облысында жеті жылу ұйымы 2022 жылдан бері мемлекеттен 3,3 миллиард теңге субсидия алғанымен, тарифтерді төмендетпеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2022 жылдан бастап Абай облысындағы жеті жылумен қамтамасыз ету ұйымы мемлекеттен 3,3 миллиард теңге мөлшерінде субсидия алған. Заңнама талаптарына сәйкес жылу тарифтерін қалыптастыру кезінде бұл қаражат ескерілуге тиіс еді. Алайда табиғи монополия субъектілері өз қызметтерінің құнын төмендетпеді.
Прокуротура тексерісінен кейін жылумен қамтамасыз ету тарифтері әр кәсіпорынға бөлек бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы төмендетілді.
Жалпы облыс бойынша тарифтердің төмендеуі 4,5%-дан 48%-ға дейін жетті. Осылайша, алдағы үш жылға тұтынушылар 3,3 миллиард теңге үнемдейді.
Абай облысының прокуратурасы 80 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 78 мың жеке тұлғаның құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары коммуналдық қызметте жұмыс істеген бухгалтерді ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптады. Олардың айтуынша, әйел қоммуналдық қызмет қаражатынан 58 миллион теңгені жымқырып, жеке қажетіне жұмсаған. Соның салдарынан бір тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеу жұмыстарынан қағылып, тұрмыстық қиындықтарға тап болды: төрт қабатты үйлерде жиі жарық өшіп, жертөлені су басып, шатырдан су аққан. Аталған мәселелерді шешуге арналған қаржы бөтен біреудің шотында жатыр.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
