Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның батысында еріген қар суы аулалар мен көшелерді басты

Батыс Қазақстан облысында ауа райының жылынуына және қардың жылдам еруіне байланысты тұрғын үйлердің ауласы мен көшелелерді су басты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

су басу

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше Оралда және Ақсай қаласында 28 ақпанда қардың тез еруіне байланысты үйлердің ауласы мен көшелерге су жиналған.

Қазір жергілікті атқарушы органдар аймақтағы құтқарушылармен бірігіп суды қайтару және су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ көшелер мен аулалардан 933 текше метр су сорылып, 5 100 текше метр қар шығарылған. 

Сонымен қатар ТЖД мен жергілікті билік жауын-шашын маусымында бақылау жүргізіп жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін ТЖМ елде 700 мың тұрғынға су басу қауіпі төніп тұрғанын мәлімдеген еді. 

Талқылау