Қазақстаннан Түркияға чартерлік рейстер қашан ашылады
Қазақстандық туроператорлар Түркияға чартерлік рейстердің қашан ұшатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біз Түркияда шектеу шаралары алынып тасталғаны туралы жақсы жаңалық алдық. Жағдай одан әрі жақсарады деп үміттенеміз. Менің ойымша, 10 маусымға дейін Анталияға арнайы чартерлік рейстер ашылады", - деді Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей.
Ол чартерлік рейстер ашылғанша Стамбул мен Анталияға тұрақты рейстермен ұшуға болатындығын еске түсірді.
"Егер Тұркияға ұшқыңыз келсе, тұрақты рейстерге билет ала аласыз. Енді туристік компаниялар туристермен келісімшарттарда келісілген шарттарды сақтай отырып, жағдайды ескере отырып, сәуірдің ортасынан бастап турларды кейінге шегеруде", - деп түсіндірді Рей.
Еске салсақ, Түркияда 17 мамырдан бастап карантин шаралары жеңілдетілмек.
Талқылау