Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда карантин шаралары жеңілдетілді

Түркияда 17 мамырдан бастап карантин шаралары жеңілдетілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Еске салсақ, бұған дейін Түркия президенті Тайип Эрдоган 29 сәуірден - 17 мамырға дейін елде коронавирус ахуалына байланысты қатаң локдаун жариялаған еді. Көптеген ұйымдар мен нысандар өз жұмысын тоқтатқан болатын. 

Мемлекеттің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне көз жүгіртсек, Түркияда бір күнде тіркелген науқастардың саны азаюда. 14 мамырда 11 394 адам коронавирус жұқтырған, бұл өткен күндермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Пандемия басталғалы бері елде ең көбі 63 082 науқас ауру жұқтырса, ең жоғарғы өлім көрсеткіші 394 адамды құраған. 

Жарияланған құжатқа сүйенсек, мемлекетте 1 маусымға дейін сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін коменданттық сағат және сенбі және жексенбі күндері шектеу шаралары сақталады. Мейрамханалар мен дәмханалар тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Демалыс күндері азық-түлік дүкендері 10:00 және 17:00 аралығында ашық болады. 

Сауда орталықтары мен киім-кешек дүкендер жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұған қоса, 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүруіне шектеу қойылды. 

Сондай-ақ, бұл шектеу шаралары туристерге де қатысты екені айтылды. 

Талқылау