Қазақстан мен Түркия әуе рейстері қашан қайта жанданатыны белгілі болды
Түркияның жергілікті Anadolu басылымының жазуынша, Түркия 92 елмен әуе рейстерін қайта жандандыру туралы келіссөздерді аяқтады. Бұл туралы жұма күні Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанмен 20 маусымда қайта басталған, бірақ 4 шілдеде вирус жұқтыру жағдайлардың көбеюіне байланысты тоқтатылған рейстер 1 қыркүйектен бастап қайта басталады.
Түркияда COVID-19 оқиғаларының саны 245 635 адамды құрайды, оның ішінде 228 057 адам сауығып, 5912 адам қайтыс болды. Бүкіл әлемде вирус пандемиясы 188 ел мен аймақта 760 000-нан астам адамның өмірін қиды. АҚШ, Бразилия, Үндістан және Ресей қазіргі уақытта әлемдегі ең көп зардап шеккен елдер болып табылады.
Айта кетейік, Түрік авиациялық билігі Air Astana өкіліне Қазақстаннан рейстерді орындауға тыйым салынғанын хабарлаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”