Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысып, 17 адам қаза болды (фото)

Ресейдің Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус апатқа ұшырады.

Фото: Mash арнасы

Мәскеудің тергеу басқармасы  17 адамның көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости. 

“Апат салдарынан қаза болғандар саны 17 адамнан кем болған жоқ”, – делінген хабарламада.

Апат бейсенбіден жұмаға қараған түні болды. Мәліметтерге сүйенсек, көлік бағдаршамның қызыл жанғанына қарамастан өте шығып, теміржолда тоқтап қалған.

№60 “Санкт-Петербург – Нижний Новгород” пойызының машинисі жарық пен дыбысты дабыл беріп, мүмкіндігінше жылдамдықты азайтқан.

Владимир облысы губернаторының баспасөз хатшысы Рита Шляхованың айтуынша, құрбан болған 15 адам Өзбекстан азаматы.

“Жүргізуші бар даусымен айқайлағанда автобустағы 34 адам көлікті итеру үшін сыртққа шыққан. Көлікте қалғндар қаза болды”, – дейді Шляхова.

Қазір оқиға орнына дәрігерлер келіп жетті. Зардап шеккен 4 адам ауыр хәлде жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)

Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін

Талқылау