AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Әділет "Холостяк" шоуының қатысушысы атанды

Қазақстандық 26 жастағы миллионер әрі блогер Димаш Әділет ресейлік ТНТ арнасындағы "Холостяк" шоуының жаңа маусымының қатысушысы атанды.

Бұл туралы "СтарХит" басылымы мәлім етті.

Басылым Димаштың ата-анасы танымал әрі ықпалды бизнесмендер екенін атап өтті. Олар Қазақстанда тұрады.

Димаштың өзі 11 жасында Швейцарияға көшіп, сондағы мектеп-интернатты тәмамдаған. Жасөспірім кезінде АҚШ-тағы спорт академиясында, кейін Гарвард және Бостон бизнес мектебінде білім алып, қаржыгер және психолог мамандықтарын игерді.

Димаштың Instagram парақшасына миллионға жуық қолданушы жазылған. Парақшасын орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді. Негізінен өмір, саясат, бизнес, саяхат туралы жазба жариялайды.

Бұған дейін Димашты модель Виктория Одинцовамен, блогер Динара Рахымбаева және колумбиялық "Әлем аруы" Лаура Оласкуагамен көңіл қосты деген ақпараттар айтылып келді.

"Холостяк" шоуының тоғызыншы маусымында бір мезгілде екі басты кейіпкер болады. Талаптарға сай, қыздарды тек ер адамдар таңдап қоймайды, енді қатысушылардың өздері де сүйікті кандидатына дауыс бере алады.

Шоуға Димаш Әділетпен бірге 27 жастағы кәсіпкер Михаил Гранков та қатысады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр