Қазақстаннан депортацияланған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметкері 6 жылға сотталды
Қазақстаннан отанына экстрадицияланған Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметкері Михаил Жилин елінің әскери операциясына қатыспағаны үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Барнаул гарнизоны әскери соты қосымша майор Михаил Жилинге қатысты айыпты үкімді жариялады.
“Әскери қызметші арнайы әскери операция аймағына жіберілуден қорқып, әскери борышын өтегісі келмей, жылжымайтын мүлікін сатып, қолбасшылыққа жалған ақпарат хабарлаған. Кейін мүгедек болып, бақылау-өткізу пунктін заңсыз айналып өткен", – делінген хабарламада.
Михаил Жилин Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 338-бабының 1-бөлігі - "Дезертирлеу”, 322-бабының 1-бөлігі - "Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту" баптары бойынша әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол қатаң режимдегі колонияда 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, бұған дейін Михаил Жилин Астанада ұсталып Ресейге депортацияланған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”