"Қазақстаннан әкелінген еттен бруцеллез анықталды": Министрлік түркіменстандық БАҚ-тың ақпаратына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Pixabay.com
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті түркіменстандық БАҚ-та Қазақстаннан әкелінген бруцеллез ауруына шалдыққан малдардың еті туралы ақпаратына ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын баса айтты.
"2025 жылы Қазақстаннан Түркіменстанға ет жеткізілген жоқ. Кейбір ақпарат көздерінде Ақмола облысынан Түркіменстанға бруцеллезге шалдыққан мал еті жеткізілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген хабарламада.
Комитет әрқашан уәкілетті органдардың ресми ақпаратына сүйенуді ұсынды.
Еске салсақ, түркіменстандық БАҚ бұған дейін Қазақстаннан келген еттен бруцеллез табылып, сол ет партиялары балалар мекемелері мен сауда желілеріне түскенін мәлімдеген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген