Қазақстанға синтетикалық есірткі жеткізіп келген трансұлттық арна жойылды (видео)
Қазақстанның бірнеше қаласында арнайы операция өтті. Соның нәтижесінде синтетикалық есірткінің трансұлттық арнасы жойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Арнайы операция кезінде төрт бірдей аймақта - Алматы, Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында есірткі сатушылар қолға түсті. Оларды анықтау үшін жарты жыл уақыт кетті.
"Бесеуі де Қазақстан азаматтары. Олар алдымен шетелден синтетикалық есірткі ерітіндісі бар сәлемдемелерді алып отырған. Одан кейін сұйықтықты бу арқылы кептіріп, құрғақ өнім шығарды. Осылайша, синтетикалық есірткілерді аса ірі мөлшерде сату үшін бөліп дайындаған", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде ішкі істер органдары синтетикалық есірткі арналарын анықтау мақсатында шекаралас мемлекеттермен тығыз жұмыс жасап келеді.
Соның нәтижесінде биыл үш айдың ішінде 9 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан сегіз келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”