Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға коронавирустың үнді штаммы келді ме: Министр жауап берді

Қазақстанда коронавирустың үнді штаммы анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирустың үнділік штаммы жоқ екенін айтты. 

"Қазіргі уақытта біз жүргізген соңғы талдау Қазақстанда үнді штаммы табылмағанын көрсетті. Біз мұндай зерттеулерді тұрақты түрде жүргіземіз. Жалпы алғанда денсаулық сақтау жүйесі түрлі сценарийлерге дайын. Біз қазір жағдайды бақылап отырмыз. Қазақстанға келу үші ПТР тестін тапсыру міндеттеліп отыр. ПТР тестілеу үнділік штаммды да анықтайтынын ескерген жөн", – деп жауап берді Цой.

Сонымен бірге министр бүгінгі күнге дейін қол жетімді ақпаратқа сәйкес, үнді штаммы тез жұғатынын, бірақ әзірге ауыр сырқаттанушылық пен асқынулар жоқ екенін айтты.

“Біз көршілес мемлекеттермен тікелей байланыс жасап отырмыз. Алдағы уақытта коронавирустың көптеген мутациясы пайда болуы ықтимал. Сондықтан біз барлық жағдайға дайын болуымыз керек”, –дейді Цой. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 16 Маусым, 2021 12:40
Талқылау