Қазақстандықтарға порнографиялық видеолар қарауға тыйым салына ма?
Қазақстанда порнографиямен күрес күшейтілмек. Ақпарат министрлігі қазнетте порнографиялық фильмдердің рейтингісі басқасына қарағанда жоғары екенін мәлімдеді. Соңғы бір жылда 30 мың ресурс жабылды. Олардың 80℅-ы порнографиялық фильмдер екен, – деп хабарлайды КТК арнасы.
БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Михаил Александрович аталған ересектерге қатысты фильмдермен күрестің қалай жүргізілетінін айтып берді.
«Ақпараттық кеңістікті қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет түрлі шара қолданып жатыр. Порнографиямен күрес – негізгі жұмыстың бір бөлігі ғана. Негізгі екпін экстремизм, зорлық-зомбылық, суицид туралы ақпараттар мен видеолардың таратылмауына түсіп отыр. 2016 жылы берілген биліктің арқасында 31 мың қажетсіз сайт жабылды. Оның 26 мыңы суицид, зорлық-зомбылық, порнография туралы болған еді. Ал 3 мыңы терроризм мен экстремизм туралы… Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сол себепті, БАӘ-дегідей оларға порнографиялық материалдар қарағаны үшін айыппұл салынып, түрмеге отырмайды. Яғни күрес «өнімді» әзірлеушілермен жүргізілмек», – деп түсіндірді Михаил Александрович.
Жіберіп алмаңыз:
Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды
Бурабайда азаматтық некедегі күйеуі әйелінің алтындарын ұрлап сатып жіберген
Ақтөбеде жұмыс таба алмаған жігіт өмірімен қош айтыспақ болды