Қазақстандықтар ЭКСПО бойтұмарын әзілге айналдырды (фото)
Қазақстандықтар Астана қаласындағы “Бәйтерек” монументіне қарама-қарсы қойылған қуыршақтарды сынға алды.
Үш қуыршақ – күн, су, жер ұғымдарын береді екен. Олардың әрқайсына есім де берілген: Сәуле, Мөлдір, Қуат.
Тапсырысты алматылық “Duende” студиясы орындаған. Дизайнерлер бұл қуыршақтарды ұлттық және мәдени құндылықтармен ұштастыра отырып, энергиянң қайнар көзін жарнамалаушы кейіпкерге ұқсатуға тырысқан. Алайда кейіпкерлердің сырт келбеттері мен бет пішіндері желі қолданушыларының көңілінен шықпаған сияқты. Олардың айтуларынша, “Сәуледен де”, “Мөлдірден де” қорқыныш желі есіп тұр.
Ал мына сурет “Duende” студиясының желідегі ресми парақшасында жарияланған. “Құрметті достар, соңғы оқиғаларға байланысты жағдайды түсіндіргіміз келеді. Бізге назар аударыңыздар. 1 – Бұл бойшаң қуыршақтар тапсырыс берушінің техникалық параметрі және дизайны бойынша жасалды. 2 – Біздің жұмысымыз емес, бізге еш қатысы жоқ”, – деп жазады бұл студия.
Қызық болғанда, елордаға келгендеріне көп болмай жатып, Сәуле қуыршақты әлдекімдер қолды етіпті.
“Мүмкін бұл қазақ жігіттері шығар. Сәуленің сұлулығына ғашық болып, шыдамай ескі дәстүр бойынша алып қашқан ғой. Немесе пікірлерде жазылғандай, ақиқатында оны қорқынышты кинолардың көрермені ұрлап әкетті”, – деп жазады Рахым Ошақбаев желідегі парақшасында.
Фото: Фейсбук
Желіде осы оқиғаға байланысты #PrayForSaule хештегі де пайда болған.
Ал Серік Бүксиков есімді суретші болса мына суретті жариялап, “Жоғалған бойтұмарды іздемей-ақ қойыңыздар. Сәуле атақ-даңққа жетіп, бағасы артып кетті” деп жазады.
Оқи отырыңыз:
Танымал адвокат “тіркелмегендігі” үшін салынатын айыппұлдан қалай құтылуға болатынын айтты
Өз әйелін зорлаған еркек 5 жылға шартты түрде сотталды
Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды
Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады