Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар мұз аренасына Денис Теннің есімі берілуін сұрап, петиция жариялады

Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанкүйерлері Алматыдағы Halyk Arena кешенінің атауын өзгертуді сұрап отыр. Олар мұз аренасына марқұм спортшының есімі берілсе дейді. Тиісті петиция желіде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстандықтар мұз аренасына Денис Теннің есімі берілуін сұрап, петиция жариялады

Денис Теннің жанкүйерлері Halyk Arena кешеніне спортшының есімі берілуін сұрап, петицияны желіде жариялады.

«Денис Тен қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың беткеұстары болды, еліміздегі спорттың бұл түрінің негізін қалаушы және Қазақстанның халықаралық спорт имиджінің нығаюына өзіндік үлесін қосты. Денис өмірін елінің өсіп-өркендеуіне арнады, шығармашыл жастарға, жас спортшыларға және отандастарына шабыт сыйлады. Біз, Қазақстан азаматтары, қазасы әлемді қайғыртқан көрнекті мәнерлеп сырғанаушының есімін мұз айдынына беруді жөн санаймыз және оның есімін осылай ардақтағымыз келеді», – делінеді құжатта.

Қазақстандықтар мұз аренасына Денис Теннің есімі берілуін сұрап, петиция жариялады

Петицияға қол қою үшін мына сілтеме бойынша өту керек. Ондағы сипаттау мәтінінен тілді таңдап, артынша бос жолдарды толтырып, «Бұл петицияға қол қойыңыз» белгісін басу қажет.

Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр