Қазақстандықтар Баян Есентаеваның батылдығына қайран қалды
Күні кеше Баян Есентаева ауыр соққыдан кейін алғаш рет сұхбат берді. Видеоны көрген жұрт оның әлі де толықтай қалпына келіп үлгермегендігіне көз жеткізді. Десе де, қазақстандықтар Баян Есентаеваның батыл мінезіне қайран қалды. Себебі продюсер көптеген қыз-келіншек ашып айтуға намыстанған тақырыпты көтеріп, бар шындықты жайып салды. Мұнымен қатар, болашақта ер азаматтар тарапынан зорлық-зомбылық көрген әйелдердің құқығын қорғайтын орталық ашқысы келетіндігін жеткізді.
Фото: instagram.com/yelikbayev/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
10 маусым күні болған қайғылы оқиға осы күнге дейін қазақстандықтардың есінде. Күні кеше бұл оқиғадан кейін Баян Есентаева алғаш рет сұхбат беріп, жұртқа жүзін көрсетті. Ол іштегі сырын сыртқа шығарып, әлі күнге дейін еркек атаулысынан қорқатындығын жеткізді. Тіпті, ер азаматтардан зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектердің құқығын қорғайтын ұйым ашуды қолға алғысы келетіндігін айтып қалды. Продюсер жылдам аяғынан нық тұрып, дәл бұлай сұхбат береді деп ешкім күтпеген-ді. Сұхбатты көріп отырып әйел қауымы жанашырлық танытып, көздеріне жас алғандарын айтуда. Мұнымен қатар, ер азаматтар да сезімдеріне ерік бергендерін жасырмады. Осыған орай, қазақстандық танымал адамдар осы оқиғаға қатысты пікірлерін бөлісіп, Баянның алдында бастарын иетіндіктерін жеткізді.
Бақыт Сыздықова: Таңымыз өзім шексіз құрметтейтін мықты әйел Баян Есентаеваның сұхбатынан басталды. Неге күйзелді деп ойлап отырған шығарсыздар? Бәрінен бұрын оның шындықты жайып салғанына қайран қалдым. Баян жұрттың алдында жан-дүниесіндегіні сыртқа шығаруға мәжбүр болды. Ал бұл қашан да қиын. Ол мұны жалған өсек-аяңнан сақтану үшін, артынан түрлі қауесет ермеуі үшін жасады!
Мен нағыз танымалдылықтың қандай болатынын жақсы білемін. Жұрт әрбір басқан қадамыңды аңдып, сен туралы түрлі әңгімелер ойлап табады. Ал ең қызығы – жұрттың сол жалған сөздерге сенуі… Құрметті Баян, бұл сұхбатты беруге келіскеніңіз үшін алдыңызда басымды иемін! Күнделікті тұрмыста күйеулерінен таяқ жеп жүрген келіншектер үшін үлкен сабақ болатыны сөзсіз. Мұнымен қатар, бұл сұхбатты барлық ер азамат көруі тиіс. Сауығып кетуіңізге тілектеспін!
Төлеген Байтүкенов: Баянмен қашан танысқаным есімде жоқ, бірақ оның шынайы өмір мен экрандағы өмірінің айырмашылығына қашан қайран қалғаным есімде. Теледидардан ол маған бос кеуде, ұрысқақ әйелдей көрінуші еді. Ал шынайы өмірде мен оның криогендік образының астарында көтеріңкі көңіл-күймен жүретін мықты әрі тентек қыз жатқанына көз жеткіздім. Өзі жасыруға тырысқанымен, көздері шындықты баяндағандай болды. Ол айналасына мыңдаған джоулмен нұр шашып, күлімсіреп тұрған-ды. Оның “Ғашық жүректен” бастап Жанар Дұғалованың Тюрквижн байқауындағы жеңісіне дейін жасаған дүниелері жай ғана бизнес емес еді.
Ол барлық жобада тентек мінезі мен авантюризмге деген тәуелділігін байқататын. Ол имиджінің астына тәуекелшілдік мінезін жасыруға тырысатын. Баян еш уақытта кино продюсері болмаса да, режиссермен бірге фильм түсірді, бұл жобасына бұрын-соңды актерлік қырымен танылмаған жұлдыздарды шақырды. Нәтижесінде Баян түсірген фильмге бұрын-соңды кинотеатрдың маңына жуымайтын адамдар барды. Кейін ол “Хабар” арнасында барлық рейтингті басып озған “Тракторшының махаббаты” атты телехикая түсірді. Қазақ қыздары арасында “Қазақ аруы” атты байқау ұйымдастырды. Баян қыз-келіншектер еліктейтін жанға айналды. Ол қазақстандық кино мен телевизия индустриясын жаңа деңгейге көтерді.
Музыка бизнесін дамытып, инстаграммен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті. Кей адам байқамайтын шығар, десе де, Баян секілді адамдар біз өмір сүріп жатқан қоғамның негізін құраушылар болып табылады. Баянның Динара Сәтжанмен бірігіп түсірген сұхбатын көруге дәтім бармады. Ол үшін ренжулімін әрі тәнім ауырғандай болады. Көргенсіздік пен топас күш сұлулыққа қарсы тұрып жатса, мұны нағыз трагедия деп білеміз. Бұл тобырдың ханшайымды қорлауымен, “Сырлы түндердегі” сарбаздардың апостолдардың көзін шығарғанымен тең. Алайда Баянның бұл түнектен шығып, бұдан да мықты болатындығына мен кәміл сенемін. Бұл оған ғана емес, бізге де керек.
Жанна Ильичева: Баян Есентаевамен бірігіп түсірген сұхбаты үшін Динара Сәтжанға мың да бір алғыс. Біздің қоғамда барлығы жасыруды жөн көретін ащы шындықты есту сондай қиын. Әдетте әйелдер мұны өзін, бала-шағасын ойлап емес, жұрттың сөзінен қорқып жасырады. Бұл сұхбатты тек әйелдерге емес, ер азаматтарға да көруге кеңес беретін едім. Жігіттер, бірінші кезекте сіздер мықты болуларыңыз керексіздер. Бірақ бұл мықтылықты әлсіздерге физикалық күш көрсетумен шатастырмайықшы. Сіздер керісінше панасыздарға қорған болуларыңыз керек. Өкінішке орай, әлсіз еркектер әйелдерді тым батыл болуға мәжбүрлейді.
Анар Мұстафина: Сұхбатын көріп, аяп кеттім. Тіпті ана Әлібидің түрі жазылған соң мұндай болмаған еді ғой. Тележүргізушінің “Кешіргіңіз келмей ме, балаларыңыз үшін” деп отырғаны енді…. Егер осы видеоның жалғасында “Мен басқамен бас қостым” десе, еркектердің 80 пайызы күйеуін қолдап шығатын шығар. Айтарға сөзім жоқ!
Галина Рыжкина: Бүгін мен Баянмен біргемін. Бұл жерде пафосқа да, патетикаға да орын жоқ. Бар болғаны мен Баянның мәдениетті адамдардан құралған армиясына келіп қосыламын. Арамызда көргенсіздік пен жабайылыққа орын болмауы тиіс. Сөз таластырып, әңгіме қылып жатудың да қажеті жоқ. Мұнда басты мәселе – кешіру мен түсіністік таныту. Мұндай террорлық зорлық міндетті түрде жазалануы тиіс. Қолына пышақ алуға бекінген әрбір хайуан осыған лайық. Тірі қалып, ары қарай күресуге күш-қуат тапқаныңыз үшін рахмет! Біз, мен сенімен біргеміз, Баян!
Бәтес Байлы: Біреуді сынамас бұрын, оның аяқ киімін киіп ол жүрген жерлермен жүріп көріңіз. Оның жан-дүниесінің ауыртпалығын сезініп, көз жасының себебін анықтаңыз. Қажет болса оған кедергі жасаған әрбір тасқа сүрініңіз. Осыдан кейін ғана қалай дұрыс өмір сүру керектігін айтыңыз.
Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы отажасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.
Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаеваның эксклюзивті сұхбатының жалғасы шықпақ
Бағым Мұхитденова: Баянға тілегендеріңізді Алла өздеріңізге екі еселеп қайтарсын
Баян Есентаева күйеуінің казиноға құмарлығы жайында айтып берді
Баян Есентаева: Күйеуім мені ұрып жатты, мен одан балаларымызды ойлауды сұрадым