Қазақстандықтар 2017 жылы қалай демалады?
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылдағы сенбі және жексенбіге сәйкес келген мерекелік күндердің ауысымы туралы жариялады деп хабарлайды Stan.kz.
Фото: aktau-business.com
Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс күндеріне кірмейді. Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.
2017 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Заңның нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды:
бес күндікте: 1 қаңтардан 3 қаңтарға; 7 мамырдан 8 мамырға; 16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға; 17 желтоқсаннан 19 желтоқсанға;
алты күндікте: 1 қаңтардан 3 қаңтарға; 7 мамырдан 8 мамырға; 17 желтоқсаннан 18 желтоқсанға;
Сонымен қатар мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады. 2017 жылы Құрбан айттың бірінші күні 1 қыркүйекке тура келеді.
Өндірістік күнтізбеде ай, тоқсан және 2017 жылдың тұтастай жұмыс күндері (сағаттары) бойынша жұмыс уақытының нормасы келтірілген. Ол 40 сағаттық және 36 сағаттық жұмыс аптасында сегіз, жеті және алты сағаттық жұмыс күнінің негізінде бес күндік және алты күндік жұмыс аптасының күнтізбесі бойынша есептелген.
Осыған байланысты жұмыс уақытының ұзақтығы төмендегіні құрайды:
40 сағаттық жұмыс аптасында: бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 8 сағаттан бес жұмыс күні; алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 7 сағаттан бес жұмыс күні және ұзақтығы 5 сағат болатын бір жұмыс күні.
36 сағаттық жұмыс аптасында: бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 7 сағат 12 минут болатын (7,20 сағат) бес жұмыс күні; алты күндік жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан алты жұмыс күні.
2017 жылы жұмыс уақытының нормасы:
40 сағаттық жұмыс аптасында: бес күндік – 1960 сағатты (245 күн * 8,00 сағат); алты күндік – 1972 сағатты (246 күн * 7,00 сағат+ 50 күн * 5,00 сағат); 36 сағаттық жұмыс аптасында: бес күндік – 1764 сағатты (245 күн * 7,20 сағат); алты күндік – 1776 сағатты (296 күн * 6,00 сағат) құрайды.
2017 жылға арналған жұмыс күндерінің орташа айлық саны: бес күндік жұмыс аптасында – 20,42 күнді; алты күндік жұмыс аптасында – 24,67 күнді құрайды.
2017 жылға арналған күнтізбелік күндердің орташа айлық саны (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мереке күндерін қоспағанда) 29,25-ті құрайды.
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасындағы атап өтілетін мереке күндері:
ұлттық мереке: 16-17 – желтоқсан – Тәуелсіздік күні;
мемлекеттік мерекелер: 1-2 қаңтар – Жаңа жыл; 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні; 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы; 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 7 мамыр – Отан қорғаушы күні; 9 мамыр – Жеңіс күні; 6 шілде – Астана күні; 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да сәбиге Жилстройбек деген есім қойылды деген ақпарат жалған болып шықты
Жамбыл облысында інісінің баласын зорлап өлтірген азғын сотталды
Ерекше ұзату: туыстары әжені ұзатты (фото, видео)
Шетелдік хит әндерге жердің шаңын шығарып билеген Әбдірайымов таңқалдырды (видео)