Қазақстандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап етті
Қазақстандық журналист Ардабек Солдатбай “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрағасынан Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды сұрады. Журналистің наразылық білдіруіне “Әйел бақыты” бағдарламасында жыныс ауыстыру тақырыбының қозғалуы себеп болған-ды.
Фото: instagram.com/sultankyzy/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Отандық бағдарламалардың бірінде қазақстандық транссексуал еліміздегі ерлердің 90%-ы бисексуал екенін айтып жұртты шошытқан болатын. Аруна есімді транссексуал жігіт болып дүниеге келіп, артынша жынысын ауыстырған. Бұл есімді де өзі таңдаған екен. Бағдарламаның дәл осы тақырыбына қатысты қазақстандық журналист Ардабек Солдатбай наразылық білдірді. Ол тіпті “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызына хат жазып, Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап еткен.
“Нұржан Жалауқызы, сіз менің аса қадірлейтін апайымсыз. Көптеген қазақ тілді журналистердің қатарында мен де сіздің Ұлттық арнаны дамыту жолындағы тындырымды істеріңізге тәнті болып, ризашылық сезімде жүретінмін. Ұлттық арнада жұмыс істейтін достарым көп. Олардың да сізге айрықша ықылас танытып, қадірлейтіндерін жақсы білемін.
Біткен іске сыншы көп. Кім не десе де, соңғы бес жыл бойы тек қазақ тілінде хабар таратып келе жатқан Ұлттық арнаның дамуына қал-хадеріңізше үлес қостыңыз, қаншама күш-жігер жұмсадыңыз. Журналистикадағы ұзақ жылғы жинаған тәжірибеңізді Ұлттық арнаны дамытуға арнадыңыз. Сол қасықтап жиған абыройыңыз айдың-күннің аманында шелектеп төгілді. Төккен өзіңіз емес. “Әйел бақыты”. Ләйлә Сұлтанқызы.
Иә, қазақ заман көшінен қалмауы керек. Бірақ ол көш дамуды, білімді, руханиятты, адамгершілікті, ұлттық құндылықтарды бетке алған болуы тиіс. Бірақ азғындық, рухани тозу, адам қалпынан шығу, арсыздықты насихаттау заман талабы емес. Бұлар бойымызда болмаса да заман көшінен қалып қоймаймыз ғой. Бұлар керісінше ұлт ретінде жойылуға бастайтын істер. Ендеше оны Ұлттық арнаның насихаттауы кешірілмес қателік”, – деп жазады Ардабек Солдатбай Shyn.kz порталындағы мақаласында.
Ары қарай журналист дәл осы хатты жазуына жынысын өзгерткен адам туралы бағдарламаның себепші болғанын айтып өтті. Оның ойынша, Ләйлә Сұлтанқызы мұны “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызының абыройын төгу үшін әдейі жасаған. Осыған орай, ол тележүргізушіге қатысты қатал жазалау шарасын қолданып, оны көрермендерге жарияау туралы ұсыныс тастады.
“Қадірлі Нұржан апай! “Қазақстан” ұлттық арнасының атақ-абыройын және жеке өзіңіздің іскерлік беделіңізді сақтау үшін қазақ елінің эфирінде азғындықтың ең жоғары көріністерінің бірі қызтекеліктің (трансвестит – жынысын өзгерткен адам) насихатталып, еркектен әйелге айналған азғынды төрге шығарып қаймана қазақты ауызына қаратқан “Әйел бақыты” бағдарламасы мен оның жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызына қатысты қатал жазалау шарасын қолданып, оны көрермендеріңізге жариялауыңыз керек. Олай болмаған жағдайда бұдан былай Ұлттық арнаның көрермендер үшін көк тиын құны болмайын деп тұр.
Ләйлә Сұлтанқызы басқаратын команда ЛБГТ, қызтекелік, гейлер тақырыбы Ұлттық арнаға абырой әкелмейтінін біле тұра Сіздің абыройыңызды төгу үшін осындай іске барған болар. Әйтпесе, қазақы тәрбие көрген, көрерменнің сұранысын білетін тәжірибелі журналистің мұндай кемшілікке жол беруін басқаша қалай түсінеміз?!” – дейді журналист.
Жіберіп алмаңыз:
Аяғы ауыр қазақстандық келіншек өзін күйеуі өлтіріп қоя ма деп қорқып жүр
Қазақ қызы студент кезінде туған баласын қазіргі жігітінен жасырып жүр
Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты
Ләйлә Сұлтанқызының ескі суретін көрген желі қолданушылары одан арықтауға қатысты кеңес сұрады