Көлікте шылым шекпеуді өтінген: Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Видеодан скрин
Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін желіде ер адамның көлікте шылым шекпеуді өтінген такси жүргізушісін ұрып, балағаттағаны түсірілген видео тараған еді. Видеоға қатысты Алматы қалалық полициясы жедел іздестіру шараларын жүргізген.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 19 жастағы такси жүргізушісін ұрып-соқты деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталған.
“Күдікті полицияға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталмыш жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген полиция хабарламасында.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам көлікте шылым шекпеуді өтінген такси жүргізушісін ұрып, балағаттағаны туралы жазған едік.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі