Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жүргізушілер жанармай құю бекеттерінің өтірігін әшкереледі

Қазақстандық көлік жүргізушілер Алматыдағы жанармай бекетінің өтірігін әшкерелейтін видеоны бір-біріне таратып жатыр.

Видеода ер адамдар гаджеттің көмегімен канистрадағы бензиннің құрамын тексеріп көруде. Гаджет АИ-92 бензинінің АИ-80 жанармайының сапасымен тең екенін көрсеткен. Жүргізушілердің құйып жүрген АИ-92 жанармайы нашар сападағы АИ-80 бензині екенін айтады, деп хабарлайды 31 арна.

Компания өкілдері мұның әдейі ойластырылып жасалғанын айтып, алдағы күндері бірлесіп тексеру жүргізуді ұсынды. Сондықтан оқиғаның рас-өтірігі алдағы күндері белгілі болады.

Бұған дейін де Астанадағы бекетте осындай жағдай болды. Алайда Жанармай бекетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарды. Олар гаджеттің дұрыс нәтиже көрсетпейтінін, негізі лабороторияда тексеру керегін айтты.

Соңғы уақытта жүргізушілер арасында жанармайға қарсы шағым айтатындар көбейген.

«Мұндай әрекеттер «Тұтынушыны алдау» бабы бойынша қарастырылады. Кінәлілер бастапқыда әкімшілік жауапқа, кейіннен қылмыстық жауапқа тартылады», – деді Алматы облыстық тұтынушы құқығын қорғау бірлестігінің орынбасары Марсель Мусин.

Ал, көлікті нашар сападағы бензинмен жүргізсе, көлікке зиянын тигізетінін жүргізушілердің бәрі біледі.

Заңгер Сергей Уткин бензиннің нәтижесін көрсету арқылы жанармай бекетінің кінәсін дәлелдей алмайтынын айтады. Тексеруді бекет жетекшісі мен тұтынушылар құқығын қорғау бірлестігі өкілінің көзінше жүргізу керек. Немесе чекті сақтап, тексеру нәтижесін тәуелсіз сараптамаға жіберу керек.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде үштік бағамен оқитын колледж студенттері де стипендия алатын болды

Путин СҚО әкімінің фамилиясын әзілге айналдырды

Назарбаев Путинмен бірге сыра ішкен кезін айтып берді

Талқылау