Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Уфада өткен сұлулық байқауында “Жаңашыл ару” аталымын жеңіп алды

Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Айзат Қожақова Башқұртстан астанасы Уфада өткен ШЫҰ мен BRICS елдері өкілдері қатысқан сұлулық бәсекесінде “Жаңашыл ару” титулын жеңіп алды.

айх

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Уфада “BRICS (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР) және ШЫҰ елдерінің студенттік көктемі” атты халықаралық мерекелік шара өтіп жатыр. Оған әлемнің 15 елінен мыңнан астам студент қатысуда. Олар халықаралық студенттік шығармашылық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, сондай-ақ, мемлекет аралық мәдени, рухани байланысты нығайта түспек. Шара аясында “Көктем ханшайымы” атты сұлулық бәсекесі де өткізілді. Тәж үшін ОАР, Қытай, Тәжікістан, Өзбекстан, Армения, Қазақстан, Ресей және Белорусиядан келген 10 қатысушы таласты.

Бірінші орынды уфалық студент Гүлнұр Зиннатова жеңіп алса, вице-мисс атағы Қытай елінің өкілі Ван Сьюеге бұйырды. Сонымен қатар, ресейлік Полина Беспалова мен белорусиялық Мария Сидоренко да жүлделі екінші орынға ие болды. Өзге қатысушылар да арнайы аталымдармен марапатталды.

Талқылау