Қазақстандық студент қыз Головкиннің арқасында АҚШ-та қалай ақша тапқанын айтып берді
18 жастағы Жәмила есімді қазақ қызы бір жылдан бері АҚШ-та оқып әрі жұмыс істеп жүр.
Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.
Массачусетс штатындағы Tufts University оқу орнында азаматтық инженерия мамандығы бойынша білім алатын Жәмила, Student Services компаниясында да жұмыс істейді.
“Әзірге Қазақстанға оралатынымды-оралмайтынымды шешпедім. Әзірге бірінші курсты енді бітіріп жатырмын, уақыт әлі алды” дейді ол.
Ол сондай-ақ, Қазақстанның атын әлемге танытып жатқан тұлғалар туралы да пікір білдірді.
“Димаш туралы құрбыларымнан естідім. Әзірге шетелдіктердің ол туралы айтқандарын ести қоймадым. Ол өте талантты әнші, оның менеджері де өте мықты. Ал Головкинге келетін болсақ…біз көктемгі демалыс кезінде Нью-Йоркке келіп, кездейсоқ Головкиннің жекпе-жегіне тап болдық. Мен оның кездесуі және жеңіске жететіні туралы достарыма айттым, ал олар сенген жоқ. Ақырында біз 20 долларға бәстестік. Және ол жеңді! Сондықтан әлбетте мен Гена үшін жанкүйермін”, – дейді Жәмила.
Студент қазақстандықтар мен америкалықтарды да салыстырды.
“Әрине, айырмашылық бар. Америкалықтар мейлінше күліп жауап береді. Қоғамдық орындарда сөйлесе қалсаң, қызметін тұтынсаң жағдайыңды сұрап, сәттілік тілейді. Сосын “кешіріңіз” деген сөзді көп айтады”, – дейді ол.
Айтуынша, Қазақстан көптеген шетелдіктер үшін жұмбақ ел екен. Олар үшін мемлекет атауының соңында “стан” сөзінің жалғануы біраз әңгіме тудырады. Көбісі Қазақстанның қай жақта орналасқанын және қай тілде сөйлейтінін сұрап жатады екен.
Оқи отырыңыз:
Алматыда әйел адамның бөтен баланы аямай ұрып жатқан сәті жарияланды (видео)
Дональд Трамп бейтаныс жас жұбайлардың тойларына кіріп кетті (видео)
Алып маймылды көріп шошыған азамат оны таспаға түсіріп алды (видео)
Қорқынышты кадрлар: бес жасар бала бассейнге батып жатты, ал оны ешкім көрмеді (видео)