Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шенеуніктердің жалақысын 2 есеге арттыру туралы ұсыныс жасалды

Қазақстандық шенеуніктердің жалақысын екі есеге дейін ұлғайту ұсынылды. Мұндай бастаманы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік көтеріп отыр, деп хабарлайды КТК.

913719626

Ал мұндай жағдай орын алса, онда шенеуніктердің санын әжептәуір қысқартуға да тура келмек. Агенттік осылайша жемқорлықпен күрескісі келеді. Мұндай тәжірибе Грузия, басқа да европалық елдерде кеңінен тараған екен: мемлекеттік аппаратты қысқартады, ал жұмыстан босағандардың есебінен тұрақты айлықты көбейтеді. Осыдан кейін мемлекеттік органдарда пара алуға деген құлшыныс азаймақ-мыс.

Әзірге бұл идея Сенат депутаттарының көңіліне жаға кетпеді. Соңғы екі жылдың өзінде 2 мыңнан астам шенеунік жемқорлық мәселесіне тап болған. Ал мемлекетке 48 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Әрине, ол ақшаның көбісі қайтарылды.

“Ең жемқорлық жайлаған бұл – ішкі істер органдары, мемлекеттік сатып алу, денсаулық сақтау, жер қатынастары, білім, ауыл шаруашылығы және құрылыс салалары. Ал кең тараған жемқорлық қылмыстың түрі ретінде – бұл пара алу жағдайын атай аламыз”, – деді ҚР жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев.

Оқи отырыңыз:

Атырауда банкомат «пара» деген жазуы бар ақша берді

2017 жылы теңге бағамы қандай болады?

Мұхтар Тінікеев барша қазақстандықтардан кешірім сұрап өз еркімен қызметінен кетті

Ақтөбе әкімі жиналыс кезінде тағы да ұйықтап қалды

Талқылау