Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер мейрамханаға барудан қорқып қалған
Солтүстік Қазақстандағы мейрамхана иелері шығынға батып жатқандарын айтуда. Олардың сөзінше, бұған мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдық тамақтану орындарына аз баратыны себеп.
Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желілерде мерекелік шараларда түсірілген дастархан немесе бақуатты өмірден көрініс беретін бокалдағы шарап суреттерін жариялағаны үшін жазалана бастаған еді. Арнайы қызметтер мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желідегі парақшасын бақылап, сонымен қатар ғимараттың алдында қызмет көлігі бар-жоғын тексерді.
Ендігі мемлекеттік қызметкерлер өзгелер өзін дұрыс түсінбес үшін және мінез-құлық нормаларын бұзды деп айыпталмас үшін дәмхана мен мейрамханаларда тамақтанудан қорқақтап қалған. Тіпті, олар корпоратив жасамайтын болыпты.
Өз кезегінде бұл жағдай дәмхана мен мейрамханалардың табысына әсер етуде, дейді Солтүстік Қазақстан облысындағы мейрамхана және қонақ үй иелерінің қауымдастығының төрағасы Сайран Хамзин.
Бұл орайда облыста бірде-бір мемлекеттік қызметкердің мас күйінде жүргені көзге түспегені атап өтілді.