Қазақстандық мектеп оқушысы “Қаражорға” билейтін робот құрастырып шықты (видео)
Қазақстандық мектеп оқушысы мың бұралып қазақтың ұлттық биі “Қаражорғаны” билейтін темір робот құрастырып шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Әділ Ордаев ерекше роботты мектептегі робототехника сабағында құрастырған. Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін барып оларға арнайы бағдарламалар енгізген. Осылайша бір айға созылған уақыт ішінде биші роботтар да дайын болыпты.
Әділдің жетекшісі, ұстазы Бақытбек Орынбаев 18 бөлшектен құралған моторды ұлттық бидің ырқына көндіру оңайға түспегенін айтады.
“Алайда талмай ізденіп, табандылық көрсету арқылы нәтижеге жеттік дейді. Роботты тек қана билеткізбей оған жан беру керек деп ойлаймын. Сондықтан біз роботтарды билеткізу кезінде әрбір қозғалысты сақтау кезінде өзіміздің жүрегіміздің кішкене бөлігін бердік деп санаймыз. Болашақта олар тек қана “Қаражорға” ғана емес, “Қамажай” билерін де билейді деген ойдамын”, – дейді жас өнертапқыш Әділ Ордаев.
Әділдің робототехника саласына мойын бұрғаны биыл ғана емес. 4 жылдан бері осы саланың қыр-сырын меңгерген оқушы түрлі байқауларға да қатысып үлгеріпті. Мысалы, жақында ғана “Астана” концерт залында “Ұлы дала мұрагерлері” атты көрме-қойылымда өткен Назарбаев зияткерлік мектептерінің талантты оқушыларының ғылыми жобалары көрмесінде өзі жасап шыққан роботтарды таныстырды.
Оқи отырыңыз:
Қызылорда облысында “Алла” және “Мұхаммед” деген жазуы бар қозы туды
Теріс діни ағымнан қайтқан 52 жастағы шымкенттік азаматтың оқиғасы
Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді
Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр