Қазақстандық «калькулятор қыз» халықаралық олимпиадада жеңіске жетті
Жаңаөзендік «калькулятор қыз» Назерке Сейсенберген Алматыда өткен халықаралық олимпиадада гран-приге ие болды.
Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Сайысқа әлемнің 8 еліндегі «ISMA» мектептерінің 5-16 жас аралығындағы 1 000-нан аса оқушы қатысты.
9 жасар Назерке Сейсенберген халықаралық деңгейде алғаш рет жеңімпаз атанды. Ол Жаңаөзендегі №3 мектептің 3-сынып оқушысы. Мектепте ментальді арифметиканы оқып жүргеніне 3 жыл болыпты.
Оқушы қыздың әкесі Нариман Қойшыбаевтың сөзінше, қазіргі уақытта Назерке үшсанды, төртсанды сандарды қосу, азайту тәрізді төртінші деңгейдегі тапсырмаларды ойша шеше алады екен. Ал көбейту мен бөлу бойынша есептерді ересектеу балалар шешеді. Мұндай тапсырмалардың ең күрделісі – 10-ыншы деңгей.
2018 жылдың қаңтар айында Назерке Жаңаөзенде өткен ментальді арифметика бойынша қалалық сайыста бірінші орынды иеленіпті. Осылайша халықаралық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алған.
Оқи отырыңыз:
Той кезінде құлап-жығылып қалыңдықтың гүліне таласқан бойжеткендер жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Қостанай түрмесінде уланған сотталушылар: Мекемеде ақпараттық қызмет телефоны іске қосылды
Алматы облысының тұрғыны танымал телешоудан 10 миллион теңге жеңіп алды