Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым жасартатын білезік ойлап тапты

Алматылық филиолог Төреғали Батырханұлы 25 жасқа жасартатын электронды білезік жасап шығарды.

0

Төреғали Батырханұлы құрылғыны 10 жылға жуық уақыт бойы жасаған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қысым түскен сәтте білезік “қуаныш гормоны” серотинин мен эндорфин өндіруге септігін тигізіп, адамды жасартады екен. Адамда 30 секунд бойы жағымды гормондар бөлінеді, а л 30 секундтан асып кетсе ол улы гормондар болады. Осы құрылғы ағзаны анықтап, қалпына келтіреді. Сонда адамда жасару үдерісі жүріп, жақсы көңіл-күйі пайда болады екен.

Төреғали Батырханұлы құрылғыны 10 жылға жуық уақыт бойы жасаған. Тіпті патенттеп қойыпты. Білезікті киіп көргендер бірнеше процедурадан кейін ауыр күйзелістің жоғалатынын байқапты. Алайда қазіргі уақытта білезікті ғалымның туыстары ғана тағып жүр. Әйтсе де, ғалым өз ойлап тапқан білезіктің эстетикалық медицинаның айнымас бір бөлігіне айналады деп сенеді. Оның пікірінше, толықтай жасару үшін сегіз ғана процедурадан өту керек екен.

 

Талқылау