Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ене өзін күтушіге айналдырған келінінен көрген қорлығы туралы айтып налыды

59 жастағы қазақстандық кейуана осы күнге дейін екі бала тәрбиелеп өсірген. Отағасы қайтыс болып кеткендіктен, қазір үлкен ұлы мен келінінің қолында тұрып жатыр. Келіні қалаған уақытында ұйқыдан тұрып, көңіл-күйі болмаған жағдайда тамақ жасамайды екен. Келіні ғана емес, құдағиы да соңғы кезде басынатын әдет шығарған. Осы орайда, Гүлхан Исманова психолог мамандардан көмек сұрап отандық бағдарламаға келген.

thinkstockphotos-590281262

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Әзірге бір келінім қолда, ал кенжем шаңырақ көтерген жоқ. Қазіргі заман талабына сай, балам болашақ жұбайын өзі таңдады. Мен бұл мәселеге араласа алмадым. Негізі ұлым өте жуас. Алғашқыда келінім тек жақсы қасиеттерін, тәрбиелі екенін көрсетіп жүрді. “Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады” демекші, әңгіменің барлығы кейіннен басталды. Келінім бір бала босанғаннан кейін өз мінезін көрсетіп, бізге үстемдігін жүргізе бастады. “Жақсы тамақ ішіп, жақсы киім киюім керек, тон қажет” деген сияқты қалауларын айтты. Өзімде қыз бала болмаған соң, келінімді туғанымдай көргім келді. Бірақ, кейінгі кезде жіпті босатып жібердім бе деп ойлап жүрмін. Яғни айып өзімнен де бар сияқты. Келінімнің түскеніне 10 жылдан асты.

Балама қарым-қатынасымызға қатысты шындықты айта алмаймын. Өйткені, олардың жанұясының арасына сызат түскенін қаламаймын. Осы күнге дейін шыдап келдім, ары қарай да шыдай беретін шығармын деген ойдамын. Түнге дейін Instagram, Whats App желілері арқылы құрбыларымен араласып, ұйқыға кеш жатады. Таңертең өзі қалаған уақытында, сағат 11-12 шамасында тұрады. Ары қарай өзі қалаған жеріне кетіп қалады. Ал ұлым екеуінің арасынан салқындық байқамаймын. Алғашында құдағимен сыйластығымыз жақсы болып жүрді. Кейде үйде ер адамның болғаны дұрыс деп ойлаймын. Үйде отағасының жоқтығын пайдаланып соңғы кезде құдағиым да басына бастады. Біздің үйге еркін кіріп, еркін шығады. Өзімді сол үйдің күтушісіндей сезінемін. Келінім көңіл-күйі болған кезде ғана тамақ істеп, үй жинайды. Осының барлығына баламның мінезінің жуастығы себепші болып отыр деп ойлаймын. Тіпті, екінші ұлым бөлек шығып кетті. Ата-бабаларымыз “Баланы жастан, әйелді бастан” деп бекер айтпаған сияқты”, – дейді Гүлхан Исманова.

Бағдарлама психологы өз кезегінде Гүлхан ханымға келінін орнына қоюға кеңес берді. Мұны ұлы арқылы жүзеге асыруға болатынын айтты.

“Мәселе туындаған кезде, оны міндетті түрде шешу керек. Бірақ, кей кезде осы мәселе мейірімділікпен, жылы сөздермен шешілмеуі мүмкін. Өзіңіздің қажеттілігіңізді, өзіңіздің меніңізді, өзіңіздің енелік дәрежеңізді көрсету үшін жоғары талаптар қою қажет. Осы тұста қақтығыс болуы мүмкін. Бірақ, сіз де, ұлыңыз да қақтығысқа түскілеріңіз келмейді. Кейде тежеуіш қоймасаңыз түсінбейтін адамдар бар. Адам өзінің санасына сай әрекет жасайды. Ол кісі өзінің іс-әрекетін дұрыс деп санайды. Оған басында “Сенікі дұрыс емес” деп айтатын бір адам табылмады. Осылай жасап көріңіз. Себебі, 10 жыл дегеніміз – үлкен мерзім. Келініңіз осы қалыпқа әбден бейімделіп алды. Уақыт өте келе ол бейімделе береді. Ал сіздің жасыңыз келіп қалды. Ертең осының барлығының немен аяқталуы мүмкін екенін кім біледі? Бірінші балаңызбен сөйлесіңіз. Араларыңыз әрдайым ашық болсын. “Балам, мен бұдан артық шыдай алмаймын. Менің жан-дүнием қиналып жатыр. Сен іс-әрекет жасайсың, ал мен сені қолдаймын” деп айтыңыз. Балаңыз сол кезде жалғыз еместігін түсінеді. Балаңыз осы мәселені шешуі тиіс. Ер адамның табиғаты әйелден мықты. Сол себепті, әлсіз ер адам болмайды”, – дейді маман Марал Сарбасқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

38 жастағы ер адам әйелі мен көңілдесі арасында таңдау жасай алмай қиналғанын айтты

Жас келіншек опасыздық жасағаны үшін кешірім де сұрамаған күйеуіне ренжіп жүр

Намазхан бойжеткен жігітіне өзін сүюге рұқсат беруге қорқып жүргенін айтты

Жас келіншек күйеуін құрбысына қосқысы келген қайын сіңлісі туралы айтты

Талқылау