Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық емші жүздеген әйелдің бала көтеруіне көмектескенін айтты

Отандық бағдарламалардың біріне емшілер мен балгерлер келіп, өздерінің қандай ауруларды емдей алатынын айтты. Бірі осы мақсатта Құран сүрелерін пайдаланса, енді екіншілері көріпкелдік қасиеттерінің арқасында емдейді екен. Арасында Қытай медицинасының тәсілдерін пайдаланатындар да бар.

какакавв

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасындай айтылды.

Емші Самат мырза осы күнге дейін 100 шақты қыз-келіншектің бала көтеруіне себепкер болғанын айтты. Ол қазір 40 жаста. Емшілікпен ес білгелі айналысып, жұрт арасында соңғы 7 жылда кеңінен танылғанын айтып жатыр. Өзі БҚО Орал қаласының тумасы. Ол бедеу келіншектерге ғана емес, ер азаматтарға жаман әдеттерінен арылуға көмектескен.

“Соңғы кезде барлығымыз физиологиямыздың ерекшеліктерін ұмытып барамыз. Әсіресе, әйел адамдар ауыр зат көтеріп, мойындарына көп жауапкершілікті алады. Жұмыс жасамасқа амалдары да жоқ. Кешке жақын үйге келген соң, денсаулықтарын қалыпқа келтірмейді. Түнде дұрыс ұйықтай алмайды. Көбінесе шөптермен, майлармен емдеймін. Әдеттегі дәріханада сатылатын шөптерді пайдаланамын. Әр келушіге ауруына көмектесетін шөп түрін тағайындаймын.

Шөпті ішкен соң, шыдамдылық таныту керек. Ал біздің әйелдеріміз шыдамсыз. Мұнымен қатар, көп нәрсе ер адамға да байланысты. Ер адам да өз тарапынан әйел адамға қолдау білдіріп, көмектескені жөн. Әйел адам баланы өздігінен көтере алмайды. Арақты қойдырып, темекі тастауға да көмектесемін. Қанша қыз-келіншекке көмектескенімді санаған жоқпын. Десе де, олардың саны 100-ге жетіп қалады”, – дейді Самат Бөрібекұлы.

Алайда бағдарламаның тағы бір қонағы Зивара ханым Самат мырзаның мүмкіндіктеріне сенбейтіндігін жеткізді. Мұны адамның ішкі сенімімен байланыстырды. “Менің ойымша, мұның барлығы – өз-өзіңді сендіру. Мысалы, бір жеріміз ауырса, дәрігерлер рецепт жазып береді. Бірақ сол рецептіні біз мойнымызға іліп алып, арқалап жүрмейміз ғой. Сол секілді әр адам намаз оқып, дұға етіп, Алладан шипасын сұраса, оның барлығы жақсы болатын еді”, – дейді Зивара ханым.

Әншінің сөзін Самат мырза бөліп, өзіне келуге ешкімді мәжбүрлемейтіндігін айтты. “Ренжімеңіз, сөзіңізді бөлейін. Мен ешуақытта адамның артынан жүгірмеймін. Олар маған өздері келеді. Зивара ханым, сіз – скептиксіз. Сіздің әйел жағыңыз ауырады… Айтқаным үшін ренжімеңіз, сізде киста шығады”, – дейді Самат мырза.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігіті әйеліне қамыр илеуді өзі үйреткен

Қазақ қызы түрік азаматына тұрмысқа шыққаны үшін қатты өкініп жүр

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Талқылау