Қазақстандық боксшы сынған қолымен жекпе жекке шығып, қарсыласын жеңді
21 жастағы Әли Ахмедов 30 жастағы беларусь боксшысын жеңді. Қазақстандық боксшы жартылай ауыр салмақта кәсіби рингтегі 5-жеңісіне қол жеткізді.
Ол Польшада Владимир Харкевичпен жекпе жекке шықты, деп жазады Sports.kz.
Сұхбат беру барысында Ахмедов төбелеске дейін жаттығып жүріп оң қолын сындырып алғанын айтты.
“Мен бір қолмен ғана бокстастым десе де болады. Төбелеске дейін оң қолымды сындырып алған едім. Сол үшін де Конфедерация Кубогына қатыса алмадым. Бір қолмен төбелескен ыңғайсыздық тудырды. Бірақ Қазақстанға тағы бір жеңіс сыйлағаным үшін қуаныштымын”. – дейді ол.
Бұл Әли Ахмедовтың шетелдегі алғашқы кездесуі. Ол бұған дейін Алматы мен Астанада 3 төбелес өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.
Жіберіп алмаңыз:
Левит: Сыйақымды жұмсауға уақытым жоқ
“Ағайынды төртеу” лақап атымен жүрген қылмыстық топтың серкесі спортшыларға демеуші болып келген
Қазақстан допинг қолданған елдер арасындағы қара тізімде 2-орынға шықты