Қазақстандық банктер депозит мөлшерлемесін тағы да төмендетеді
Қазақстандық банктер депозиттік мөлшерлемені төмендетпек. Ұлттық банк мәліметінше, жеке тұлға үшін депозит мөлшерлемесі орта есеппен 12 пайыздан 11,8 пайызға дейін азаяды.
Мөлшерлеме ақпан айында төмендетілді. Шетелдік валюталардың да мөлшерлемесіне өзгерістер енгізілді. Сыйақы мөлшері 2,6 пайыздан 2,4 пайызға өзгерді. Заңды тұлғалар үшін 10,5 пайыздан 10,2 пайызға, ал мүгедектерге 1,6 пайыздан 1,4 пайызға төмендетілді.
Екінші дәрежелі банктер жыл басынан бері депозит сыйақыларын осымен екінші рет төмендетіп отыр. Біріншісі қаңтар айында болды. Ол кезде қазақстандық қор депозит кепіл мөлшерлемесі 14 пайыз болғанын мәлімдеді. Осы кезде қаржы институттары депозитті орта есеппен 3 пайызға түсірді. Ұлттық банк мәліметінше, ақпан айының соңында салым көлемі 17 миллион теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға төмен.
Жіберіп алмаңыз:
Сарапшылар теңгенің болашағына қатысты болжам жасады
Forbes нұсқасы бойынша бес қазақстандық миллиарлерлер қатарында қалды
Сәуірден бастап кез келген кәсіпті ашуға несие беретін жаңа бағдарлама жарияланады