Қазақстандық азамат донор ретінде жарты тоннадан астам қан өткізген
Қазақстанда жарты тоннадан астам қан өткізген рекордтық көрсеткішке ие донор бар. Cегіз мыңдық шыңдарды 14 мәрте бағындырған ең жас альпинист те біздің отандасымыз. Ал кеудесіне 10 келіден артық металл бұйымдарды жабыстыра алатын магнит-әйел Орал қаласында тұрады.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Осындай ерекше тұлғалар мен үздік көрсеткіштер бір жерге жинақталды. Алматыда әр саланың үздіктері тіркелген рекордтар кітабының жаңа басылымы жарыққа шықты.
Мұқағали ақынның “Мен донормын” өлеңі өмірлік ұранына айналған Александр Скаковский осы уақытқа дейін жарты тоннадан артық қан өткізген. Қазақстандағы нөмірі бірінші донор 1051 рет қан тапсырғанын айтады. 45 жыл бойы талай жанға көмегі тиген 70 жастағы қарияға көптің қошеметі де ерекше.
“Мен 1971 жылдан бері қан тапсырамын. Ең алғаш босанайын деп жатқан келіншекке қан керек болып, менің қаным сәйкес келген. Менің қанымды құйып нәресте мен анасын аман алып қалды”, – дейді донор Александр Скаковский.
Рекордтық көрсеткіші бар отандастарымыз қатарында спортшылар да, альпинистер де бар. Тіпті, әлемде теңдесі жоқ дәрігерлер отбасы да рекордтар кітабына енген. Алматылық Дудаевтар отбасында 28 тіс дәрігері бар екен. Ал 76 жастағы Жан ата ішкі қуаты арқылы адам сенгісіз әрекеттер жасаса, Жамали Диханұлы 6 метр биіктікте 300 өткір пышақтың үстімен жүріп өткен.
“Ең үлкен жетістігім – 2014 жылы Семейдің Қалбатау өңірінде өткен Ер Жәнібектің 300 жылдық асында 300 пышақтың жүзінен 8 минут 47 секундта жүріп өттім”, – дейді этнограф Жамали Диханұлы.
Отандасымызға әлемде бәсекелес жоқ екен. Рекордшы өз көрсеткішін ары қарай дамытпақ. Оған қоса, Жамали Диханұлы 15228 адамды бір уақытта “Қара жорға” биіне билеткен адам. 13 тараудан тұратын рекордтар кітабында 325 ең үздік жетістіктер жазылған.
Жіберіп алмаңыз:
Қайырымды жастар 12 млн жинап берген Жәнелдің отасы сәтті өтті
Ақтөбеліктер үш сіңлісін жалғыз өзі бағып отырған 10 жастағы қызға көмектесіп жатыр
Режиссер: Кинотеатрларда ашық порно көрсете бастайық
9 жасар оралман қыздың министрге жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртты