Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасар оралман қыздың министрге жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртты 

Қытайдан Қазақстанға оралған қандастарымыздың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қайтадан кері қайтарыландар саны көп. 9 жасар Мейіргүлдің де ата-анасы осы себеппен Қытайға қайтарылған екен, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.

20161207154237

Алматыда жалғыз қалған қыз «Нұр Отан» партиясында өткен қоғамдық қабылдауда Ішкі іштер министрі Калмұхамбет Қасымовқа өтініш хатын берді. Мейіргүл хатында министрден көмек сұрады.

20161207154227

«Қалмұханбет Қасымов атаға өтініш! Менің атым  Мейіргүл. Жасым 9-да. Алматы қаласындағы №93 мектептің 3 «ә» сыныбында оқимын. 2013 жылы Қытайдан Алматыға көшіп келгенбіз. Ол жақта қытай балабақшасында оқыдым. Ата-анам мені қазақша оқытамын, қызым қазақ болып өссін деп, мен үшін Қазақстанға көшіп келді. Әкемнің аты  Ұларбек, анамның аты  Оралхан. Бірақ әкем мен шешемді полиция құқық бұздың деп Қытайға шығарып жіберді. 5 жыл келе алмайды екен. Мен Алматыда жалғыз өзім қалдым. Мен ата-анамды қатты сағындым. Түнде төсекте жатқанда күнде жылаймын. Олар күнде түсіме кіреді. Тез келсе екен деп Алладан күнде тілеймін. Қалмұханбет ата мен секілді сіздің де немереңіз бар шығар, маған көмектесіңізші, өтінемін. Әкем мен шешеме және сондай кісілерге бір жолға рақымшылық жасаңызшы. «Нұр Отан» партиясына сол үшін Алматыдан келдім. Олар Қазақстан тез қайтып оралсыншы. Мен оларды қатты сағынып кеттім», – дейді 9 жастағы Мейіргүл министрге жазған хатында.

Жіберіп алмаңыз:

«Астана-Көкшетау» тас жолында ер адамның ерлікпен ажал құшқаны белгілі болды

Алматыда бойжеткен өзін тонап, соңынан зорлап кеткен таксисті кешіре салды

Қазақстан жол апатынан қаза табатындар саны бойынша бірінші болып тұр

Атырау облысында әкімге жалпақтаған лауазымды полицей жұмыстан қуылуы мүмкін

Талқылау