Қазақстандық әйел Шешенстан президентінен қызы мен немерелерін Сириядан қайтаруға көмек сұрады
Содыр жұбайларымен “Ислам мемлекетіне” (ИМ Қазақстан, Ресей және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) кетіп қалған әйелдердің аналары Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа жүгініп, қыздары мен немерелерін қайтаруға көмек сұраған.
Фото:
Таиса Боршигова/ТАССГрозный көшесіне шыққан шешен әйелдері арасында Қазақстан тұрғыны Роза Анаева да болған. Әйелдің айтуына, қызы Иман Музаева күйеуімен және үш баласымен Сирияға 2014 жылы кеткен, деп жазады Sputnik.
Күйеуін өлтіріп тастаған. Ал Иманға балаларымен бірге қайтуға рұқсат бермей жатқан көрінеді.
Шараға қатысушы әйелдердің көпшілігінің оқиғасы осыған ұқсас. Содырлар әйелдерді жіберуге дайын, бірақ балаларын алып қалмақ.
Бұдан бұрын Қадыровтың араласуымен Иракқа әкетілген төрт жасар бала Билал Тагилов қайтарылды. Шешенстан өкілдері Таяу Шығыста содырлардан азат етілген өңірлеріндегі балалар үйлерінде болып, Ресейден әкетілген балалады іздестіріп жүр.
Тағы да оқыңыз:
Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?
Оңтүстікте бір ауыл халқы жаппай ауруға шалдығып жатыр
Қызылордалық қожа «қарадан» алған келінімен бір дастарханнан шай ішпейді