Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел 9-өлшемдегі омырауын кішірейте алмай қиналып жүр (фото)

9-өлшемдегі омырауы бар қазақстандық әйел оның көлемін кішірейту үшін барлығына баратынын жеткізді.

жхэж

Бұл туралы «Другая правда» бағдарламасында айтылды.

Надежда ханым мамандардан көмек сұрайды. Оның көлемді омырауы күнделікті тұрмыста еркін қозғалуға кедергі жасайды екен. «Омырауымның үлкендігінен әбден қиналдым. Оның үстіне мен балалармен жұмыс істеймін. Кейде жылдам еңкейіп, балалардың бауын байлап беруім керек. Тіпті, балаларды артынан қуып барып тоқтата алмайтын кездерім болады. Жылдам жүгіремін, бірақ көлемді омырауыма бола дұрыс тыныс ала алмаймын. Ол сондай ауыр. Оның салдарынан омыртқаларымның арасынан артық ет өсіп шықты», – дейді келіншек.

Көптеген қыз-келіншек омырауының көлемді болғанын армандап жүр. Сол себепті, Надежда ханымның жанайқайын көп адам түсінбеуі мүмкін. Десе де, оның қаншалықты қиын жағдайда жүргені сырт көзге оңай байқалады. Өзі ішкиім таңдайтын кезде қатты қиналады екен. Ал жаттығу залында жүгіре алмай әлек болады.

эжд

«Қыздар мұндай ауыртпалықты көтеріп көрмегендіктен, менің қандай күйде жүргенімді білмейді. Біреулер күліп жатады. Омырауым үлкен болғандықтан, төстартқыш денемді қысып тастайды. Арқамен жатып ұйықтай алмаймын. Омырауым мұрныма дейін жетіп, демала алмай қиналамын. Айлық жалақым – 100 мың теңге. Ал омырауымды кішірейту үшін маған 770 мың теңге қажет екен. Бұл мен үшін өте үлкен сома. Мен күні-түні жұмыс істегеннің өзінде мұндай ақша жинай алмаймын. Өйткені омырауымнан өзге де қиындықтарым бар. Бірақ сіздердің маған көмектестендеріңізді қатты қалаймын», – дейді Надежда ханым.

Аталған бағдарламаның тілшісі Надежда ханымның омырауын сантиметрмен өлшеп көрді. Оның омырауының жалпы көлемі – 126 сантиметр болып шықты.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

2 жасар қыз әжесіне әкесінің анасын қалай өлтіргенін айтып берген

Сұлулығын сақтап қалғысы келген қазақстандық әйел бала туудан бас тартты

Әйелі сотталған қазақстандық азамат қызын тастап, көлікті алып қашқан

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Талқылау