Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды

Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Пекин олимпиадасында топ жарған сегіз ауыр атлеттің алтынын тартып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161123210614

Алтын жүлдесінен айырылғандардың ішінде қазақстандық Алла Важенинадан озып кеткен қытайлық Цао Лэй де бар. Важенина 75 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленсе, қол жүлде ресейлік Наджеда Евстюхинаға бұйырған еді.

Допинг-сынамадан кейін чемпион атанған қытайлық Цао Лэйдің қанынан рұқсат етілмеген препарат табылған. Осылайша енді Алла Важенина “алтынның” ресми иесі атанатын болды.

Айта кетейік, бұған дейін 23 қараша күні қазақстандық ауыр атлет Ильия Ильиннің 2008 және 2012 жылғы олимпиада ойындарында алған алтын жүлдесін кері қайтарған еді. Кейіннен Илья Ильин енді кәсіби мансабын аяқтайтынын хабарлап, баспасөз жиынын өткізді. Қазақстандық ауыр атлет те допинг пайдаланды деп күдікке ілініп отыр.

Бұған дейін ХОК Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зулфия Чиншанлоның да олимпиадалық алтын жүлделерін тартып алған. Тиісінше, тағы бір қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешовтың да Лондон олимпиадасындағы көрсеткішінің күші жойылды.

Оқи отырыңыз:

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін

Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өзінің жеке волейбол клубын ашпақ

Талқылау