Қазақстандық ата-аналарға қыздарын гинекологтың қабылдауына кіруге лайықты дайындау тапсырылды
Өскеменде мектепке келген дәрігер-гинеколог жоғары сынып оқушыларыны ата-аналарымен бірге жиналыс жасады. Ол ата-аналарға бірқатар кеңестер берді.
Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.
Гинекологтың келуі жоғары сыныптарда оқитын оқушы қыздардың толқынысын тудырған. Алайда бұлай уайымдауға болмайды: тексеру – бұл жазалау емес, оның мақсаты – денсаулықты сақтап, оларға көмектесу. Бұл ойды оқушыларға ата-аналарының да жеткізгені дұрысырақ.
“Осындай тексеріс келген жағдайда көптеген жасөспірім қыздар қорқып, гинекологтың алдына кіруге ыңғайсызданады. Ата-аналар осы ретте қыздарының моральдық дайындықтарына көп көңіл бөлулері керек”, – дейді қалалық №2 емхананың дәрігер-гинекологы Альмира Сыздықова.
Бұл ретте ата-аналар өз қыздарымен жыныстық тақырыпта ашық әңгімелесе білуі қажет.
“Статистика бойынша 2016 жылы Қазақстан бойынша жасөспірімдердің 33 мың жүктілік жағдайы тіркелген және 15-18 жас аралығындағы қыздар 9 мың аборт жасатқан. Ерте басталған жыныстық қатынас қайғыға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл баланың психологиясының бұзылып, өз-өзіне қол жұмсауына әкеліп соғып жатады”, – дейді гинеколог.
Дәрігерлер мен мұғалімдер ата-аналарды өз балаларының тәртіптеріне мұқият қарап, олармен ашық әңгімелесуге уақыт табуға шақырды.
Оқи отырыңыз:
Ақмола облысының тұрғыны күйеуін қызын зорлады деп айыптады
Оралда 83 жастағы әже үйінде тау болып үйілген қоқыс арасында жалғыз өмір сүруде
Кореяға барып 2500 доллар жалақы аламыз деген жүзге жуық қазақстандық оңбай алданып қалды
Ақтөбе облысында 7 жасар оқушыны буындырып өлтірген қылмыскер тоғыз айдан бері табылар емес