Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер тіркеу туралы жаңа заңға байланысты әзіл видео түсірді (видео)

Танымал қазақстандық актер, каскадер Ерден Телемісов Қазақстандағы уақытша тіркеу туралы заңға байланысты әзілдеді.

1332120

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде азаматтардың міндетті уақытша тіркелуі туралы жаңа заң енгізілді. Аталған ережені орындамаған жағдайда тұрғындардың 10 АЕК (22 690 теңге) төлеуіне тура келмек.

“Олар Қазақстанда тіркеу туралы ереже енгізіпті. Бізге олар мат қойды. Мұндай жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. 10-ақ күн. 10 күнде не істейсің, ештеңе де істей алмайсың. Тіркелу керек. Бұл дегенің 250 теңге. Ондай ақшаны қайдан табамын, қазір бізді қаржыландырмайды. Бұл жақтан кетеміз енді. Басқа орынға барамыз. Қалай олар мұны ойлап тауып отыр. Біз кетеміз, жергілікті халық қиналады енді”, – дейді актер видеода.

Қабылданған заң бойынша, 7 қаңтардан бастап тіркеуі жоқ азаматтардың айыппұл төлеуіне қатысты қоғамда дау туындап жатыр. Енді міндетті уақытша тіркеуге тұрмаған тұрғындар да, пәтер иелері де айыппұл төлеуге мәжбүр.

Заңды құрастырушылардың айтуынша, бұл заң уақытша тіркеуге орналасқан азаматтардың әлеуметтік көмектерді пайдалануына жол ашады. Сондай-ақ, бұл ереже заңсыз жалға берушілерді де анықтап, ішкі миграцияның бір жолға түсуіне жол ашпақ.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен Аяз атаның алдына отырып стриптиз биледі (видео)

Анасы смс жазып отырғанда баласы бассейнге батып кетті (видео)

Голландиялық мектеп оқушылары намаз оқып үйренді (видео)

Полицейлер жол апатын жасаған тыр жалаңаш жүргізушіні ұстады (видео)

Талқылау