Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 20 жастағы сұлу фермер (фото)

Шығыс Қазақстан облысында 20 жастағы Сая Ақанованың бос уақыты мүлде жоқ десе де болады. Мал шаруашылығы саласына белсене кіріскен ару, тыным таппай еңбек етеді.

bedf1b

Бұл туралы 16news.kz хабарлайды.

Қазіргі таңда Сая өз арманын жүзеге асыру үшін “Жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасын пайдалануда.

Әдетте сиыр қорада жұмыс істеп жүрген жас, тартымды қызды көруге көз үйренбеген. Ол колледжі тәмамдай сала мал шаруашылығы саласына белсене араласуға бел буыпты. Өз туған ауылынан жұмыс табылмаса да, бұл күндері Күршім ауданында ісін дөңгелетіп жүр.

af680b

Оның істі бастап, алға қарай жетілдіріп алып кетуіне кәсіпкерлер палатасы қол ұшын берген.

Палата оның ауылда бизнес бастауына ғана емес, құжаттарын лайықты рәсімдеп және отбасылық мал бордақылау орынын ашуға деген бизнес-жоспарын құруға да көмектескен.

“Жол картасы жұмыспен қамту – 2020” аясында несие алу үшін ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына өтініш беріп, өткен жылдың қараша айында қажетті қаражатты алған. Осылайша жас қыз өз жобасын жүзеге асырудың қамына кірісіп те кетті.

a9f74a

Оның бизнес ашып, шаруа дөңгелетсем деген ниетіне отбасы да үлкен қолдау көрсеткен.

“Мен офистегі жұмысты емес, осы мал шаруашылығын таңдағаным үшін еш өкінбеймін. Айналысатын жұмысымды шынайы жақсы көремін. Мемлекеттік бағдарлама аясында мен бір жарым миллион теңге алдым. Бұл ақшаға мал бордақылайтын орталық аштық. Мен біздің еңбегіміз бен ниетіміз бизнесімізді табыс етеді деп ойлаймын”, – дейді жас фермер.

53ec28

Күршімдегі жұртшылық Саяны өз мақсатына берік, ізденімпаз, еңбекқор жан ретінде таниды.

0c473b

“Сая өткен жылдың күзінде бізге кеңес алу үшін келді. Оқудан соң қыз бизнес-жоспар құру тәсілін, заң және құқық нормаларын білу, есеп өткізу, жоспарлай алу, команданы басқару тәсілдерін меңгерді. Біз ауылдағы мұндай бастаманы қуана қолдаймыз. Олар ауыл шаруашылығын дамытудың моторына айналады”, – дейді аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалы директорының орынбасары Светлана Кудедаева.

6b71e1

Осылайша жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік механизм тағы бір арманның орындалуына жол ашты. Алдағы уақытта Сая бизнесінің аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Талқылау